08
апрель
2019
"Адалдық дүкені"
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі, "Адалдық дүкенін» ашу бастамасын Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті қаладағы барлық жоғарғы оқу орындары мен колледжерде ашу туралы ұсыныс берді. "Адалдық дүкені" жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда оқытушылар мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған. Бұл факторлар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті" қалыптастыруға тікелей әсер етеді. «Жобаның басты мақсаты - қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және оқушы жастарға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру». Ашылу салтанатына қатысқан оқушылар мұндай дүкеннің ашылуына таңданыстарын жеткізіп, жастарға білдірілген сенім үшін ұйымдастырушыларға, университет ұжымына ризашылықтарын білдірді. Айта кету керек, осы тұрғыдағы «Адалдық дүкенін» жыл соңына дейін жұмысын жалғастыру жоспарлануда.

