2014-2015 жылғы түлектерден тілек.
Ат тұяғын тай басар, Келді кезің қоштасар. Жүрегің мен ақылың, Сонда ғана достасар. Ісіңе болғын сабырлы, Адал болғын антыңа. "Пайдакүнем болам" деп, Ұрынып жүрме қарағым. Қандай жағдай болса да, Қиындықтан тартынба. Қара нар ғана арналған, Жүк ауырын артуға. Елеулі бол еліңе, Ар-ұяттың құлы бол. Ең бастысы жалғанда, Халқыңның адал ұлы бол!!!